Елордалық волонтерлер Талдыкөл маңынан 1 тонна қоқыс жинады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық волонтерлер «Замандас» отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерімен бірге елордадағы Талдыкөл мен Жағалау ауданында қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белсенділер жалпы ұзындығы 1 шақырым аумақты қоқыстан тазартып, 1 тонна қоқыс жинаған. Эко-квест аясында волонтерлер ата-аналар мен балаларға қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сыныбын өткізді және сыйлықтар табыстады.

«Балалар мен олардың ата-аналарының назарын қоршаған ортаның экологиялық проблемаларына аудару, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігін көрсету, қоқысты одан әрі өңдеу үшін дұрыс сұрыптауға үйрету және командада жұмыс істеудің үлгісін көрсету – біздің міндетіміз», - деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалау менеджері Ажар Әбдиева.

Айта кетейік, бұл эко-квест жыл сайын ұйымдастырылады. 2019 жылы квест аясында 18 тонна қоқыс жиналған.

«Біз үшін бұл - карантин жеңілдегеннен кейінгі бірлесіп өткізген алғашқы іс-шара болды. Балалардың мұғалімдермен онлайн режиміндегі кездесулерінен кейін оларды алғаш кездескендерін көру әсерлі болды. Жақсы ұйымдастыру мен логистиканы да атап өткім келеді, ал сыйлықтарды тапсыру балалар үшін жағымды тосын сый болды. Фитнес білезіктер салауатты өмір салтын жүргізуге көмекші ретінде қалады», - деді «Замандас 21» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ксения Радионова.



Соңғы жаңалықтар