Елорданы қардан тазартуға 1751 жұмысшы мен мыңнан астам техника тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан көшелеріндегі қарды жинауға 1040 техника мен 1751 адам тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ал кеше, 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні қала көшелерін қардан тазалауға 920 техника мен 171 жол жұмысшысы шыққан болатын.

Түнде қаладан 29 912 текше метр қар шығарылды (2493 рейс). ⠀

Жалпы, осы уақытқа дейін астана көшелерінен 1 947 742 текше метр қар шығарылды (162312 рейс).


Соңғы жаңалықтар