Елорданың «бүкір көпірі» тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында қаладағы бірқатар нысанды аралап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №2 жол өтпесін («бүкір көпір») тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойында Ш. Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі. Бұл учаскеде жолақтар саны барлық бағытта төрттен екіге қысқарады. Бағдар автобустарын қоспағанда көпір бөлігінен Ш. Уәлиханов көшесіне сол бұрылысқа уақытша тыйым салынады.

Шектен тыс жүктемені азайту мақсатында жақын маңдағы қиылыстарда басқа да жұмыстар жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар