Елорданың маңына қатынайтын автобустар қашан жолға шығатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусым айының басында елорданың қала маңына қатынайтын жолаушылар автобустары жолға шығуы мүмкін. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, эпидемиологиялық ахуалға байланысты мамыр айының соңына дейін бұл бағдарларды аша қоймаспыз. Әрине, қаламаңы бағдарларының жұмысын тезірек жаңартуға тырысып жатырмыз»,- деді елорда әкімі.

Оның атап өтуінше, елорда төңірегіндегі Қосшы, Талапкер, Қоянды сынды елді мекендер заңды тұрғыда Ақмола облысының аумағына кіреді. Алайда бұл елді мекендердің елордаға тақау орналасқанын және тұрғындарының басым көпшілігі Нұр-Сұлтанға келіп жұмыс істейтіндігін ескергендіктен карантиндік аумаққа кіргізілген.

«Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Әзірше, мамыр айының соңына дейін осы режимде жұмыс істейміз. Меніңше, эпидемиологиялық ахуал дәл қазіргідей тұрақты болып қала беретін болсақ, онда маусым айының басында қаламаңы бағдарларын іске қосамыз», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар