+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Елорданың Республика даңғылы сауда нүктелері шоғырланған серуен көшесі болады

2021 жылғы 14 қаңтар 01:40
Бөлісіңіз:
Елорданың Республика даңғылы сауда нүктелері шоғырланған серуен көшесі болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында Республика даңғылын экономиканың шоғырланған орны ретінде абаттандыру жоспарланып отыр, хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет ДСҰ шектеулерін ескере отырып бизнесті қолдаудың жаңа шараларын қабылдауы тиіс - Президент Қазақстанның халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жетті ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Бұл жоспар өзгерістер мен жылдам нәтижелерге бағытталған.

«Бүгінгі күні барлық континентте нарықтық сауда және жеңіл өнеркәсіп көшелерде дамып келеді. Нью-Йорктегі Бродвей көшесі, Лондондағы Оксфорд және көптеген басқа әлемдік қалалар сияқты көшедегі экономиканы қолдайтын керемет мысалдар бар. 2006 жылдан бастап АҚШ-та бір де бір жаңа сауда орталығы тіркелген жоқ. Олар сауда мен кәсіпкерліктің көшеде дамуы керек екеніне сенімді» деп мәлім етті қалалық урбанистика орталығы.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, бұл тәсіл халықты жаяу жүруге, сол арқылы белсенді және сау болуға итермелейді.

«Бұл - бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі оңалту шарасы. Біз өз кезегімізде сапалы қызметтер мен тауарлар ұсынылатын қаладағы кәсіпкерлік көшелерді дамытуымыз керек. Көшеде серуендеу үшін жағдай жасауымыз қажет. Көшелерді жаңа заман талаптарына бейімдеп, белсенділікті қалыптастыру маңызды» делінген хабарламада.

Бұл нәтижелер экономиканың өсуіне түрткі болады және жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін жағдай жасайды, халықтың кірісін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, экономиканың өсуіне және әлеуметтік әсер етуге қызмет етеді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT