Елжан Біртанов ақтаулық дәрігерге қолдау көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында әлеуметті желі арқылы пациенттерге барынша сыпайы болуды өтінген ақтаулық дәрігерді қолдап жазба қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған дәрігердің медицина қызметкерлерінің ауыр жұмысына түсіністікпен қарауды өтінген жазбасы Instagram-дағы қалалық пабликтердің бірінде жарияланған еді.

«Қымбатты әріптес, сіздің жазбаңызды оқып, қиын болғанымен адамдар үшін өте қажетті жұмыста кәсібіңізге деген адалдығыңыз үшін ризашылық білдіргім келеді. Өзімде білемін, кейбір пациенттердің сөздері мен әрекеті өте ауыр әрі көңілге қаяу түсіретіндігі бар. Дегенмен, сіздің қатігездік пен ашу танытпастан медицинадағы жұмысыңызды жалғастыратындығыңызға сенімдімін. Өйткені, сіз өз мамандығыңызға жан-тәніңізбен берілгенсіз. Демек, сіз біздің медицинада барлық уақытта қажетсінетін, барлық уақытта адамдарға қажет мамансыз. Сізге шыдамдылық, ең бастысы мықты денсаулық тілеймін. Өзіңізді, әріптестеріңізді сақтаңыз. Сіз адамдарға қажетсіз», - деп жазды Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы жаңалықтар