Еңбек инспекторлары жұмысшылардың ала алмай келген 4,9 млрд теңге жалақысын төлетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар