Еңбек кітапшамда бір-ақ жазба бар – ҚазАқпарат ардагері Сара Мұстафина

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –«ҚазАқпарат» ХАА 100 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның тұңғыш ақпарат агенттігінің қалыптасуы жайлы естелік материалдар сериясын жалғастырады.

Сара Мұстафина ҚазАқпаратта 33 жыл бойы жұмыс істеп, бас редактордың орынбасары, фотоқызмет басшысы, Алматы тілшілер қосынының басшысы қызмет сатыларынан өткен.

Ол көптеген республикалық, бүкілодақтық байқаулардың лауреаты атанған.

Сара Ғұбайдоллақызы «ҚазТАГ» агенттігіне жұмысқа 1983 жылы маусымда келген.

2016 жылдың 1 қаңтарында «ҚазАқпарат» агенттігінен зейнетке шықты.

«Сол кездегі агенттік басшысы Дәурен Дияров менің әлі де жұмыс істеуімді өтінді. Бірақ отбасылық жағдайыма байланысты мен зейнет демалысына кетуді ұйғардым. Менің еңбек кітапшамда тек бір - Қазақ мемлекеттік ақпараттық агенттік (КазТАГ- ҚазАқпарат) деген жазба ғана бар. ҚазАқпарат – менің туған үйім сияқты», - деді Сара Мұстафина.


- Сара Ғұбайдоллақызы, жалпы агенттік ақпаратты алғашқылардың бірі болып көпшілікке ұсынады. Қазақстан тәуелсіздік алғаны туралы сүйінші ақпаратты қалай көпшілікке тараттыңыздар?

- 16 желтоқсан 1991 жыл – Қазақстан үшін тарихи күн. Қазақстан тәуелсіздік алып, әлемдік картадан жеке мемлекет ретінде көрінді. Бұл хабарламаны біз Тамара Толыкина екеуміз шұғыл оқып шығып, басқа БАҚ-тарға тараттық. Өте үлкен толқыныспен қабылдадық. 3 сағаттан соң Түркиядан бірінші құттықтау хаты келді. Қазақстан тәуелсіздік алған күні ҚазТАГ хабарлайды деген осы хабарлама бүкіл әлемді шарлап кетті. Ел ретінде өз құрылымын жасақтап, басшыларды тағайындау барлығы біздің лента арқылы тарап жатты.

- Ел астанасының Алматыдан басқа қалаға көшіру оқиғасы біздің лентада қалай көрініс тапты?

- Астананы Арқа төсіне көшіру көптеген процестерден тұрды. Бұл шешімге қарсы болғандар өте көп болды. Мемлекет басшысы Парламентті таратып жіберді. 1994 жылы 14 желтоқсанда ҚазТАГ фотохроникасының басшысы Анатолий Устиненко екеуімізді шетелдік делегацияның қатарына қосты. ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелден келген қонақтарға жаңа астананың орнын көрсететін болды. Сол кездегі облыс әкімі Андрей Георгиевич Браун қар басқан қамысты алқапты көрсетіп тұрып, осы жерде жаңа астана болады дегені есімде. Иран дипломатының тісі-тісіне тимей тоңып тұрғанын көрген әкім оған құндыз бас киімін кигізді. Кешкісін Иран елшісі тақияны қайтармақ болғанда, Браун қазақтар берілген сыйлықты қайта алмайтынын айтып қабылдамады. Сол кезде ең қалың киінген канадалық дипломатиялық миссия басшысы болды.

1996 жылдың күзінде Ақмола облыстық әкімдігінің активімен ҚР Президенті Назарбаевпен кездесуі болды. Бұл тарихи шешімді бірінші болып ҚР Жолдар министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрі қабылдады. Министрлік қызметкерлері 1997 жылы желтоқсанда толық Астанаға көшті.

- Біздің ақпарат агенттігінің Астанаға көшу процесі қалай болды?

- Қазақстан арнасы және Қазақ радиосы, «Егемен Қазақстан» және «Казправда» басылымдарымен бірге біздің ҚазАқпарат 2000 жылдың сәуірінде елордаға көшіп барды. Сол кездегі директор Мұрат Әренов Алматы бөлімшесіне басшылыққа ер адамды қалдырғысы келді. Алайда орынбасарлары Т.Есілбаев пен Ж.Бейсенбайдың сұрауымен бұл лауазымға мен тағайындалдым. Осылайша біздің үлкен ұжымымыз бөлінді. 10 шақты адам Астана қаласына ауысты. Алайда, «ҚазТаг» қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, әсіресе қазақ тілді аудитория үшін керек болатын. Мен олардың кейін басқа қызметтерге лауазымы көтеріліп өскенін көріп қуанып отырамын.

- Биыл ҚазАқпараттың хабар тарата бастағанына 100 жыл толады. Қандай айтулы даталар есіңізде қалды?

-Алғаш рет әкем, белгілі түрколог, филолог Ғұбайдолла Айдаровпен 1981 жылы ҚазАқпараттың 60 жылдық шарасына қатыстым. Ол кезде студент едім. 65 жылдық мерейтойда мен декреттік демалыста болып, қатыса алмадым. 70 жылдық мерейтойда мен сахнаға шыққан «Еңбек ардагерлеріне» гүл мен медаль алып шыққаным есімде. Сол кезде директор А.Ахметалимов «Сара аз шыда, сен де ардагер боласың» деп айтқан болатын. Келесі мерейтой өз ортамызда өтті. 90 жылдарда ас та төк той тойлау деген болмайтын. 80 жылдық мерейтойды өзіміз ұйымдастырдық. 2000 жылы желтоқсанда маған әріптестерім құттықтап келді. Басымыз қосылып қалған соң бастан өткен қызық жайттарды еске ала отырдық. Сол кезде Света Абылхайырова мен Юрий Беккер екеуі «мерейтойымызды» атап өтейік деген ұсыныс тастады. Содан бізді қолдаушылар саны апта сайын артып, 20,30,40-қа жетті. 31 наурызда 97 адамның тізімі жасалды. Мен ҚазАқпараттың гүлденген жылдары деп Ғаділбек Шалахметов пен Жанай Омаров басқарған кездерді айтар едім. Ол екеуі де кезінде Президенттің баспасөз хатшысы болған. Штат кеңейіп, елорда мен Алматыдағы офистер жайлы бола бастады. Заманауи жиһаз сатылып алынып, қызметкерлердің жалақысы өсті. 2005 жылдың желтоқсанында мерейтойлық кездесуге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Біздің алдымызда ғана «Қазақ радиосы», «Казправда», «Егемен Қазақстан» ұжымдары Елбасымен кездесу өткізген еді. Осындай іргелі басылымдармен бірге біздің мерейтойымызға да Мемлекет басшысы қатысқанын өте мақтан тұтамыз.

- ҚазАқпарат сіз жұмыс істеген жылдары қандай қиыншылықтарды бастан өткерді?

- 33 жылда мен агенттіктің ыстық-суығын бірге көрдім. Бірнеше рет қайта ұйымдастыру болды. 90 жылдары тіпті агенттікті жауып тастау туралы пікірлер болды. Бұл сөз Журналистер одағының І конгресінде айтылды. Сол кезде мен бұл сөзге араша түсіп, сөз сөйлеген едім.

- Жас мамандармен қалай жұмыс істедіңіз?

- Жастармен жұмыс жасау жауаптылықты қажет етеді. Қазіргі кезде ақпарат саласында жүргендер осы ҚазАқпарат мектебінен түлеп ұшқандар. Біздің ұжым үнмі жұмысқы келген келген жастарды үйретіп, нағыз маман болып шыңдалуына мүмкіндік жасайтын Қазір сол жастардың біразы жоғары қызметте жүр.

- Журналистикаға қалай келдіңіз? Еңбек жолыңыз қалай басталды?

- Негізінде менде журналистикамен айналысам деген ойымда болмап еді. Әкемнің жолын қуып, ғылым жолында аспирантураға түспек болдым. Балаларым өскенше құр отырмайын деп келген едім. Бірде орыс редакциясының бас редакторы Аркадий Ротмистровский қолыма қағаз қалам беріп, бір шараға барып келуімді сұрады. «Тек айтқан сөздерін жазып алып, мәтінді тересің, мен түзетемін» деді. 2 сағаттық шараға барып түгел жазып алып келдім. Жұмысқа келген соң теріп, қобалжыған күйімде бас редакторға кірдім. Ротмистровский мәтінді көзбен шолып шықты да, «түзететін ештеме жоқ, тамаша жазады екенсің» деді. Осылай журналистикадағы өмірім басталды.

1993 жылы директор А.Ахметалимов фотошежіре бөлімінің бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындайтынын айтты.

«Мен суретке түсіре алмаймын ғой» дедім. Ол: «үйренесің» деді. Қазір еңбек кітапшамда ҚазАқпаратта жұмыс істеді деген бір-ақ жазба бар. Басқа жерде қызмет етіп көрген жоқпын. Мен осы қара шаңырақтан еңбек демалысына кеткеніме 5 жыл болыпты. Қазір де бұрынғы әріптестеріммен арласып тұрамын.

- Әңгімеңізге рахмет!


Еске салсақ, бұған дейін ҚазАқпарат арагерлері Кәкімжан Қазыбаев, Бисұлтан Аманғалиев, Кенжеболат Жолдыбай, Анатолий Устиненко туралы естелік материалдар сериясы жарияланған.




Соңғы жаңалықтар