+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 145 мыңнан астам жастар қатысуда

2020 жылғы 16 қыркүйек 11:15
Бөлісіңіз:
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 145 мыңнан астам жастар қатысуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 145 мыңнан астам жас азамат Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да күзде 500-ден астам адам әскер қатарына шақырылады СҚО кәсіпорны «Еңбек» бағдарламасымен мамандарды қайта даярлап жатыр Жастар Jas Otan-ға қаншалықты сенеді – ұйым төрағасының жауабы

Оның ішінде 19,2 мың азамат колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың 8 айында 134,8 мың жас жұмыспен қамтылды, оның ішінде 76,1 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 4,5 мың жас еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға жіберілді, ал 6,4 мың адам жеңілдетілген микрокредиттер мен қайтарымсыз гранттарға ие болды.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерді еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қабылдауға ынталандыру және еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге барлық меншік нысанындағы ұйымдарда қажетті еңбек дағдыларын үйрету үшін оларды жұмысқа орналастыруды көздейтін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда.

«Көпбалалы және табысы аз отбасылардан шыққан колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері, сондай-ақ оқуын аяқтаған әрі еңбекке қабілетті мүгедектер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша басым құқыққа ие», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Азиз Ибрагимов.
 Жалпы еліміз бойынша осы жылы «Еңбек» бағдарламасына 430 мың адам қатысып, оларға түрлі қолдау шаралары көрсетілді. 279,8 мың адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 146,7 мың адам тұрақты жұмысқа кірді. 159,8 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Бизнес-идеяларды дамытуға 6 984 микрокредит және 20,4 мың грант берілді. 28,4 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқудан өтуде. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT