Еңбек министрі 150-ден астам азаматты жеке мәселесімен қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс істеген кезеңінде ведомствоның қабылдау алаңында жеке мәселелері бойынша жүгінген 150-ден астам адамды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарды кезекті қабылдау 26 желтоқсанда өтті. Бұл күні ҚР Еңбек министрі 5 адамды қабылдады. Олар мүгедектікті белгілеу, протездеуге және еңбек құқығының бұзылуына байланысты мәселелерді шешуге көмек сұрап келген елорда тұрғындары. Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдай отырып, Біржан Нұрымбетов нақты түсініктемелер берді және тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама аясында министрдің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды», - делінген ведомстоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Биыл Біржан Нұрымбетов министрлік алаңында 6 азаматтарға арналған алты қабылдау өткізді, оның барысында оған 150-ден астам адам түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Сонымен қатар, министр қоғамдық қабылдауларда және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында азаматтардың бірнеше қабылдауын өткізді.

Соңғы жаңалықтар