Еңбек министрлігі Жаңа жыл қарсаңында мүгедек балаларды құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ауыр сырқатқа шалдыққан 1105 балаға жаңа жылдық сыйлық жиынтығын сатып алуға қаражат жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыйлықты табыс ету қайырымдылық акциясы 24-30 желтоқсан аралығында жалғасады.

Осы кезеңде Еңбекмин қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған «Бақытты шаңырақ» отбасылар қорына барады.

Бүгінде қордың қамқорлығында 310 отбасынан 330 бала бар. Оларға министрлік ұжымының атынан жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етіледі.

Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде лейкозбен ауыратын балалар ойыншықтар мен тәтті жиынтықтар түріндегі жаңа жылдық сыйлықтарға ие болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жоғарыда аталған аурумен 16 жасқа дейінгі 775 бала тұрады.

Осылайша Жаңа жыл қарсаңында Еңбекмин ұжымының әр қызметкері өз қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж кішкентай қазақстандықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға өз үлесін қосты.


Соңғы жаңалықтар