Энергетика министрлігі газ тұтынатын қазақстандықтарды бірнеше санатқа бөлмекші

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда газ бағасы қымбаттаған жағдайда қарапайым халықтың қалтасына түсетін салмақты жеңілдету үшін тұтынушыларды бірнеше санатқа бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкміет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде тұтынушыларды топтарға бөлу туралы ойлауымыз керек. Бірінші топ – қарапайым халық пен әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған тұрғындар. Бірақ газдың шынайы нарықтағы бағасын төлей алатын тұтынушылар тобы бар. Бұл – экспортқа бағдарланған, табысын мығым валютамен алатын кәсіпорындар. Майнерлер де газға жақсы баға төлей алады. Сондай-ақ, коммуналдық және әлеуемттік кәсіпорындарды жеке топқа бөлу керек шығар», - деді Болат Ақшолақов.

Оның сөзінше, газ бағасы орта есеппен 60% өспек.

«Біз қазір есеп жүргізіп жатырмыз. Оташа сан 60% деп отырмыз. Халықтың кейбір топтары үшін газ құны өседі. Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындар үшін 2 есе қымбаттауы мүмкін. Қарапайым халық үшін басқа баға болады. Бұл мәселеде сегментке бөліп, қолымызда бар мүмкіндіктерге қарай шешім қабылдаймыз. Бұл санат үшін баға айтарлықтай өседі деп ойламаймын. Бірақ өнімді арзанға сату әрдайым үнемдеуге жол ашады деуге келмейді. Біз тек тұжырымдар жасап жатырмыз. 180 күн берілгенін білесіздер. Әлі ойлануға уақыт бар», - деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында елдегі бүкіл оқу орындарының өртке қарсы қауіпсіздік деңгейі тексерілетіні айтылды.


Соңғы жаңалықтар