ЕО тұрғындарының 80 пайызы тауарды интернет арқылы сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Интернет арқылы тауар мен қызметті пайдаланушылар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Мұнда еуропалық елдердің тұрғындары көш басында. Олар барлық интернет пайдаланушылардың 80 пайызын құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясының жаңа баяндамасында мәлім етілді.

Электронды саудадағы әлемдік лидерлер тізімінде еуропалық елдер он позицияның сегізінде алғашқы орындарды иемденген.

Бірінші орында - Нидерланды, ал екінші -Швейцария. «Үздік ондыққа» еуропалық емес елдерден тек Сингапур (үшінші) мен Австралия ғана (10 орында) енді.

Электронды сауда экономикалық дамуға үлкен мүмкіндік туғызады, бірақ оның басымдығын кедей елдердің басым бөлігі пайдалана алмайотыр.

Яғни,еуропалық елдердің жартысы желі арқылы 80 пайыздан астам сауда-саттық жасаған болса, табысы төмен және орташа мемлекеттердің үлесі 10 пайызды ғана құраған.

Баяндама авторларының атап өтуінше, 2017 жылы электрондық коммерцияның жаһандық нарығы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп, айналымы 3,9 трлн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар