Ер адамның киімі өртеніп, денесінің 80 пайызын күйік шалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 58 жастағы ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметінің бригадасы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау және интенсивті терапия бөліміне 58 жастағы ер адамды жеткізді.

«Ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалған. Ол қазір жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде ем алуда. Ер адамды Нұр-Сұлтан қаласындағы күйік орталығының жетекші комбустиологі П.Кутняков қарап, кеңес берді. Оған барлық көмек көрсетілуде. Одан әрі емдеу жолдары айтылуда», - дейді Ақмола облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы басқармасы еңбекті қорғау және бақылау бөлімінің басшысы Жылқайдар Бейсембаевтың айтуынша, ер адамның үстіндегі киімі өртеніп, денесін күйік шалған.

«Комиссия оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Ол ауысымдық жұмыста істейді», - деп түсіндірді ол.


Соңғы жаңалықтар