Ералы Тоғжанов медицина кадрларын даярлауға гранттар саны көбейту бойынша тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина кадрларын даярлауға гранттар саны көбейтілмек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өткізген кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес барысында Е. Тоғжанов медицина кадрларын даярлауға гранттар санын көбейтуді, барлық жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді, оған қосымша қажеттілікті анықтау үшін медициналық жабдықтарға егжей-тегжейлі инвентаризация жүргізуді тапсырды.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар