Ербол Қарашөкеев астықтың болжамды түсімін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде гектарына 9,5 центнерден астық бастырылуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, барлық негізгі астық өндіруші елдерде бидай өндірісінің төмендеуі күтілуде. Мәселен, Канадада бидай жинау өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға, Ресейде 15 пайызға, Америкада 7 пайызға төмендемек. Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауынша, әлемде бидай өндіру көлемі 781,7 млн тоннаны құрайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, биыл елімізде дәнді және майлы дақылдарды жинау алаңы 18,9 млн гектарды құрады.

«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша өнімділік гектарына 9,5 центнер болғанда дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тонна болады. Бүгінде шамамен 14,3 млн тонна дәнді дақыл және 200 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Бұл ретте облыстарда мақсары жинау жүріп жатқанын, ал барлық майлы дақылдарды жаппай жинауға осы айдың соңында кірісетіндігін атап өткен жөн»,- деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар