Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде COVID-19 жағдайларының ұлғаюына байланысты теріс тәуекел-сентимент дамушы нарықтардың, оның ішінде ҚР валютасы мен нарығына қысым көрсетуді жалғастыруда. Осы жылғы сәуірде бейрезиденттер ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарындағы позициясын 248 млн АҚШ долларына қысқартты», - деді Ерболат Досаев.

Оның атапөтуінше, сәуірде бейрезиденттердің инвестицияларының қысқаруы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 429,02 теңгеге дейін 1 пайызға әлсіреді.

«Нәтижесінде шетел капиталының ЕМ (дамушы елдер) елдерінен нетто-әкетілуі және мұнай бағасының құбылмалылығы теңгенің айырбастау бағамына әсер етуді жалғастыруда. Осы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 427,22 теңге деңгейінде қалыптасты», - деді ҰБ төрағасы.


Соңғы жаңалықтар