Ерболат Досаев Ұлттық банктің алтын-валюта резерві көлемін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық резерві 89 млрд доллардан асып жығылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1 қарашада алдын ала деректер бойынша 29,5 млрд доллар болды. Сәуірден бастап алтын-валюта активтерінің өсуі байқалады. Қазанда олардың көлемі 2,4 пайызға немесе 704,9 млн долларға ұлғайды», - деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, бұған клиенттердің Ұлттық банктегі шоттарда шетел валютасындағы қалдықтардың ұлғаюы, алтын сатып алу операциялары және оған әлемдік баға белгіленімінің өсуі ықпал етті.

«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері қазанда алдын ала деректер бойынша 0,9 пайызға 59,9 млрд долларға дейін ұлғайды. Елдің халықаралық резервтері қазан соңында 89,4 млрд долларды құрады», - деді ҰБ төрағасы.

Соңғы жаңалықтар