Ерболат Мұхамеджан КАЗГЮУ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерболат Мұхамеджан «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерболат Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «Экономика»мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары «Дана жол» қолданбалы экономика орталығында экономист-талдаушы болып жұмыс істеген. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушы, KAZGUU-дің Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінде аға оқытушы, «Қазақстан» РТРК-да редактор-тележүргізуші қызметтерін атқарды. ШҚО Үржар ауданы әкімінің аппаратында жұмыс жасады, сондай-ақ «Atameken TV» арнасында бас продюсердің орынбасары болған.
Осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар