Ерейментау ауданында қар құрсауында қалған адамдар құтқару арқанымен эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Ерейментау ауданында қар құрсауында қалған көлік жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерейментау қаласынан 10 км қашықтықтағы «Ерейментау-Торғай» тасжолында қар құрсауында қалған жеті автокөліктің 20 жолаушысы құтқарылды. Көріну нашар болғандықтан, құтқарушылар арқан жіберіп, адамдарды атқарушы органдардың эвакуацияға арналған өрт сөндіру көлігі мен арнайы техникасына қарай тартып алды.

Құтқарылған азаматтардың барлығы Ерейментау қалалық жылыту пунктіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.



Соңғы жаңалықтар