Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда дүниеге келді.

Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтын тәмамдаған (Швейцария Конфедерациясы).
Еңбек жолы: ҚР СІМ жүйесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық қызметін Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің референт ретінде бастап, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші дәрежесіне дейін көтерілді. 2008-2010 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Осы жылдар ішінде ол Қазақстанның Үндістан және Кореядағы елшіліктерінде, сондай-ақ Швейцарияның Женева қаласындағы БҰҰ кеңсесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігінде қызмет етті.
Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ұлттық үйлестірушісі болды.
2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар