Ерлан Айтаханов шымкенттіктерді жеке мәселелері бойынша қабылдады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қоғамдық қабылдау өткізді. «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының ғимаратындағы қабылдауға шаһар тұрғындары келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айына екі рет өтетін қоғамдық қабылдауға келген азаматтар қала аумағында өзекті болып отырған проблемаларын айтып, әкімнен олардың оң шешілуіне ықпал етуін сұрады. Атап айтқанда, шымкенттіктер жұмыспен қамту, жалақы мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселелермен жүгінді. Сондай-ақ, елді мекендерге жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жеке кәсіпті дамыту жөнінде сауалдарын қойды. Өз кезегінде қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындардың көкейтесті мәселелерін мұқият тыңдап, оларға тұщымы жауаптар берді. Тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына туындаған мәселелерді заңнама аясында шешуге нақты тапсырмалар жүктеді. Халықты мазалаған барлық проблемаларды басты назарда ұстайтынын, алдағы уақытта оларды бақылауына алатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар