Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдету тұрғысында нысандардың ашылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Ведомствоаралық комиссияда карантиндік іс-шараларды жеңілдету бойынша бірқатар қадамдар айтылды. Жақын арада өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылданады. КВИ-дің таралуының төмендеуіне қатысты оңтайлы жағдай алдағы уақытта қызметтің түрлі салаларындағы шектеулерді біртіндеп тоқтатуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар халықты вакциналауды сәтті өткізуге ерекше сенім артып отырмыз», - деді Е. Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар вице-министр еліміздегі жоғары оқу орындарын ашуға қатысты пікір білдірді.

«Біз барлық мүмкіндікті қарастырып отырмыз. Осы орайда Білім министрлігімен саладағы мәселелерді пысықтадық. Асығыстық жасаудық реті жоқ. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Елдегі КВИ бойынша жағдайдың оңтайлы болуы тек қысқа мерзіммен шектелмеуі керек», - деді Ерлан Қиясов.


Соңғы жаңалықтар