Ерлан Саиров: Қоғамдық кеңестің мақсаты - жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын халықаралық стандарттарға көшіру үшін жемқорлықпен күресуіміз керек. Бұл туралы Antikor Live бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan партиясы Парламент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру құралы ретінде партия жанынан жан-жақты кеңес құрды. 14 кеңестің бірі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес. Бұл қоғамдық кеңестің негізгі миссиясы - еліміздегі әділеттілік, теңдік, әлеуметтік мәселелерін шешу», - дейді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, әкімдердің дұрыс әрекет етпеуі - мемлекетіміздің құрылымына кері әсер етуде.

«Біздің қоғамдық кеңестің басты принципі - жемқорлыққа бейім мәселелерді алдын алу. Мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктермен бірлесе отырып осы мәселемен күресу қажетпіз. Қоғамдық кеңестің мақсаты - жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар