Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan-да азаматтарды қабылдауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрмен кездесуге Қазақстанның барлық өңірінен 73 адам жазылған. Азаматтардың ішінде министрмен бетпе-бет кездесу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы келгендер де бар.

Ерлан Тұрғымбаевтың алдына әртүрлі мәселемен жүгінгендер де бар. Атап айтқанда, аймақтағы Полиция департаменттерінің жұмыстарына шағымданушылар, қылмыстық істердің тоқтап қалуына келіспегендер және тағы басқа арызы бар адамдар келген.

Өз кезегінде Ерлан Тұрғымбаев шағымдарды тыңдай отырып, барлық мәселені қарауға уәде беріп, аймақтардағы Полиция департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалардың жүктелетініне сендірді.


Соңғы жаңалықтар