Ерлікпен қаза болған қостанайлық полицейдің отбасына пәтер берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қызмет барысында мерт болған тәртіп сақшысы Дархан Базарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында полицей Дархан Базарбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және облыс басшылығы келді.

«Өкінішке қарай, егемендік алған жылдардан бері қызметтік борышын атқару барысында 791 полиция қызметкері мерт болды. Дарханның мезгілсіз қазасы сіздердің ғана емес, күллі елдің ортақ қайғысы. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта марқұмның отбасына қолдау көрсететін болады. Бейбіт өмір күзетінде нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен Дархан Базарбаевтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі қалады», – деді министрдің орынбасары.

Қаралы жиыннан соң борышын атқару кезінде қаза болған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мемлекеттік марапатты батырдың отбасына тапсырды.

Сондай-ақ, Дархан Базарбаевтың отбасына Қостанай қаласынан пәтер беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

«Батырымыздың отбасына Қостанай қаласынан бір бөлмелі пәтер беріледі. Бұдан басқа да қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Жергілікті ақтарушы билік бұл жайтты назарға алады. Оның қазасы барша қазақ елінің қайғысы», - деді облыс әкімі.

Еске салайық, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметін атқару кезінде мерт болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Дархан Базарбаевтың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.







Соңғы жаңалықтар