Ермек Маржықпаев АӘК енгізудің тетігін түсіндірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атаулы әлеуметтік көмекті енгізудің тетігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті енгізудің тетігін дұрыстау, яғни оның ашық, әділ болуын, сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу туралы тапсырма берген болатын.

Жалпы, 2020 жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 мың отбасыға (19,3 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек үшін, 1,4 миллиард 195 миллион теңге қаржы қарастырылған. Облыста жағдай тұрақты, арыз-шағым жоқ. Соған қармастан, біз атаулы әлеуметтік көмекті енгізудің жаңа жүйесін талқылауымыз керек. Әлеуметтік біз көптеген сұрақтар туындап отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдрысов атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 4,5 мыңнан астам балаға гигиена заттары мен азық-түлік өнімдері кіретін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсынылады.

Айта кету керек, өңірде 2020 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы білім беру шеңберінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 9 мың оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз үшін 224,3 миллион теңге, кеңсе тауары мен мектеп формасымен қатамасыз ету үшін 317,5 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Жиын соңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жеткізу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жан-жақты сапалы жүргізуді және оны барлық деңгейдегі әкімдер бақылауда ұстауын тапсырды.


Соңғы жаңалықтар