Ермек Маржықпаев өңірде қашықтан оқытуды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат кеңесінде өңірде қашықтан оқытуға мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Коронавирус пандемиясынан туындап отырған жағдайға байланысты Ақмола облысының оқушылары да төртінші тоқсанды қашықтан оқуда. Білім басқармасына бейне сабақтарды көрсету кезіндегі жол берілген қателерді анықтау және түзету, оқушылардың материалды игеруі, педагогтар жұмысындағы ұйымдастыру мәселелерін шешу мақсатында жаңа төртінші тоқсанның алғашқы жұмыс

күніне мониторинг жүргізуді тапсырамын», - деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына назар аударды. Экономика секторларындағы өнім өндіру индекстерінің өсімі бойынша есеп пен бюджет қаржысын игеру жөніндегі хабарлама тыңдалды.

Облыс әкімі 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселесіне ерекше тоқталды. Өңір басшысы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне жеке мән берді. Ауыл шаруашылығы басқармасына облыс орталығының сөрелеріне қара мал етін жеткізуді үйлестіру міндеті қойылды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгілеген шектеулі бағаларды есепке ала отырып, азық-түлік тауарларының негізгі тобына бағаның өсуіне мониторинг жүргізу жүктелді. Осы мақсатта бағаның өсуін анықтау жөнінде рейдтер өткізу және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында қамту тапсырылды.

Кеңес соңында облыста көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде ТЖД бастығы Алексей Советовтың баяндамасын тыңдап, Шағалалы су қоймасынан су деңгейін біртіндеп түсіру және аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар