Ермек Маржықпаевқа Көкшетауда спорт нысандарын салу жобасы таныстырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев спорттық нысандарды жобалап, салумен айналысатын «ВВP Company» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, компания өкілі Жақсылық Өтегенов аймақ басшысына облыс орталығында салынатын спорттық нысандардың жобасын таныстырды.
Оның бірі - аумағы 5-8 гектарды құрайтын көпбейінді спорт кешенін мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында салу қарастырылып отыр. Жобаны 2-3 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланған.
Екінші жоба стандартты стадион. Онда жыл бойына жаттығу өткізуге болады. Нысанды инвесторлар көктемде бастауға дайын.
Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі Амангелды Смайылов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевқа ұсынысты зерттеп, жер телімін қарастыруды тапсырды.
«Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Біздің қаламызда футбол алаңдары жетіспейді. Тіпті , кейбір адамдар футзалда түнге дейін дайындалады. Сондықтан, бұл мәселені алдағы уақытта шешу қажет. Шағын спорт нысанынан бастайтын боламыз», – деп атап өтті аймақ басшысы.
- Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді
- Таразда тоқсан пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді
- Ақтөбеде ірі компанияларға жергілікті тауар өндірушілерді қолдау міндеттелді
- Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды
-
Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады
-
Әнші және полицей: Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам