+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ерсұлтан Бектұрғанов цифрландыруға қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 22 мамыр 13:58
Бөлісіңіз:
Ерсұлтан Бектұрғанов цифрландыруға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов цифрландыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда елеулі цифрландыру шаралары іске асырылды. Бұл бағытта сын да айтылып жатыр, бірақ жетістіктер де аз емес. Карантин кезінде мемлекеттік қызметшілердің көбісі үйден компьютер немесе гаджет арқылы жұмыс істеді. Қазіргі кезде депутаттар да желі арқылы қашықтан жұмысын жалғастыруда. Түрлі бағдарламалар мүмкіндігімен заң жобаларын талқылап, жұмыс топтарының отырыстарын өткізудеміз», - деді Е. Бектұрғанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әлеуметтік желідегі парақшасындағы пікір алмасу кезінде.

Осы орайда депутат елімізде цифрландыру тиісті деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Коронавирус пандемиясы кезінде бұл салада дамытатын тың бағыттар бар екені айқын көрінді. Сондықтан ары қарай ілгерілеп, кейбір аппараттарды қысқартып, жұмыс сапасын арттыра аламыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, төтенше жағдайға және карантинге байланысты Мәжілістің жұмыс режімі өзгерген болады.

Осы орайда депутаттарға Мәжіліс ғимаратына тек жалпы отырыс күндерінде, сондай-ақ заң жобалары бойынша комитет және жұмыс топтарының отырыстарына келуге кеңес берілді. Ал басқа күндері депутаттар телекоммуникацияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істейді.

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, жасы 65-тен асқан кейбір әріптестерімізге жалпы отырысқа қатыспауға және үйлерінде болуға кеңес бердік», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT