18:31, 02 Маусым 2020 | GMT +6
Ертең Алматыдағы бірқатар нысандарда ыстық су болмайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«3 маусым таңғы 9:00 бен кешкі 17:00 аралығында Қажымұқан – Байжанов- Елебеков – Рубинштейн – Достық 308 көшелеріне ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздық жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр», - деді «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бұл учаскеде 25 жыл бұрын салынған ескі құбырлар ауыстырылады.