Ертең кей өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады
2 маусымда Ақмола облысын ы ң кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең күндіз Көкшетау қаласын да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Ертең Н ұр-Сұлтан қаласын да күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны - 15-18 м/с.
2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады.
2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
2 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.
Ертең күндіз Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады.
2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.