Ертіс орманы» резерватындағы бес өрт ошағы сөндірілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында Ертіс орманы» резерваты аумағындағы тұтанған бес өрт ошағы сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 маусымда 12 сағат 36 минутта Павлодар облысы Аққулы ауданының 101 желісіне «Ертіс орманы» орман қорында жану туралы хабарлама келіп түсті. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді. ҚазАваиа күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Баймбет орманшылығында бес жерде жану орын алғаны анықталды.

Өрт сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 техника, сондай-ақ «Ертіс орманы» орман қорғауынан 60 қызметкер мен 17 техника жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық жану ошақтары толығымен сөндірілді.


Соңғы жаңалықтар