+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгерді

2021 жылғы 19 сәуір 03:05
Бөлісіңіз:
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгерді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Шарбақты ауданында орналасқан «Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгерді. Оқиға орнында 45 техника және ТЖД жеке құрамының 183 өрт сөндірушісі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
СІМ Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды

«23:30-дағы жағдай бойынша жолданған ақпаратқа сай, өрт Шарбақты ауданы Галкинск ауылдық округіндегі дала орман шаруашылығының № 46, 47, 48, 49, 64-73 кварталында болып жатыр. Орманды алқапта құрғақ шөп және ағаштар (қарағай) өртенуде. Жалын шарпыған аумақ 1000 гектарға жетті. Оқиға орнында 45 техника және ТЖД жеке құрамының 183 өрт сөндірушісі жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер жоқ» деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Ернұр Өтегенов.

Айта кетейік, бұған дейін «Ертіс орманы» резерватында өрт болып жатқанын, онда 130 өрт сөндіруші тілсіз жаумен арпалысып жатқанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT