Ерұлан Жамаубаев аудиторлық іс-шаралар қорытындыларын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев былтыр болған аудиторлық іс-шаралар қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік аудитке тоқталған министр, 2020 жылы камералдық бақылаумен 10,4 трлн теңгенің 1,4 млн мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылғанын айтты. Осы орайда 983 млрд теңгеге талаптарды бұзушылықтарға жол берілмеді.

«Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша

251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 75 пайызы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу кезіндегі ереже бұзу жағдайына тиесілі. Тауарлар жеткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 237 млрд теңгеге талаптарды бұзушылықтар жойылды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, аталған кемшіліктер үшін 2 349 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін арттыру үшін шамамен 2 мыңға жуық ұсыным берілді.


Соңғы жаңалықтар