+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ержан Мейрамов Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

2021 жылғы 4 мамыр 12:44
Бөлісіңіз:
Ержан Мейрамов Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп жазады primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Алматының Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған.

2004-2011 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму Банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT