+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Есік қаласында перзентхана маңынан адам сүйектері шығып жатыр

2021 жылғы 4 мамыр 17:26
Бөлісіңіз:
Есік қаласында перзентхана маңынан адам сүйектері шығып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіге тарады.

Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады.

Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады.

«Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар» деп пікір білдіреді видео авторы.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді» деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT