Есімов Президентке Ресеймен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Ресеймен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды.


«Қор төрағасы Президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар