Есірткі жарнамалаған 555 сайт бұғатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері қазақстандық интернет қолданушыларға есірткіні, психотроптық заттармен прекусорларды таратуға бағытталған мәлімет ұсынған 965 сайт анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен брифингіде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев осындай мәлімет берді.

«Есірткіні жарнамалап, насихаттайтын сайттарды бұғаттау мәселесіне келсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті интернет кеңістікке тұрақты монторинг жүргізіп отыр. Сол арқылы есірткіні, психотроптық заттар мен прекусорларды таратуға бағытталған мәліметі бар сайттарды, әлеуметтік желідегі жазбаларды, жарнамаларды анықтайды. Аптаның жеті күнінде 24 сағат бойы мониторинг жасау арқылы белгілі болған сайттар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жолданады. Олар біз берген мәліметтер бойынша жедел шешім қабылдайды. Жыл басынан бері 965 сайт анықталып, 555-і бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты режимде жалғасып келеді», - деді Берікхан Нұрғалиев.


Соңғы жаңалықтар