+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түсті

2021 жылғы 22 сәуір 17:50
Бөлісіңіз:
Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8% төмендеді Алматылық университет Үндістаннан студенттерді «жасырын» әкелмек болған

Әкесі мен анасының ауруханада жатқанын ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің «жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ» - деген сөзі көп үміт және сенім береді», - деп жазды әншінің ұлы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы бүгінгі күні тұрақты.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT