Естелік бағы: Елордалық оқушылар ата-аналарымен бірге ағаш отырғызды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Киелі табиғат» экологиялық айлығы аясында елордалық №59 мектеп-лицейінің оқушылары «Естелік бағы» акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Науқан аясында балалар ата-аналарымен бірге мектеп аумағына ағаш отырғызды.

«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту шараларын институционализациялау» жобасы аясында №59 мектеп-лицейде ағаш отырғызу акциясы жүріп жатыр. Мұнда көптеген отбасылар берік күштің, достық пен бірліктің символы ретінде бірлесіп ағаш егеді. Науқан бүкіл Қазақстан бойынша өтеді, бізді көптеген мектептер, колледждер және әкімдіктер қолдап отыр. 15 мамырдан бастап Алматы әкімдігімен осындай акция ұйымдастырамыз Бүгін осы мектеп аумағында 20-дан астам көшет отырғызылды», - деді «Ең бақытты ел» қоғамдық қорының жетекшісі Камила Сүлейменова.

Қоғамдық қор басшысының айтуынша, ағаш отырғызу балаларға қоршаған ортаға қамқорлық жасауды үйрететін, отбасымен бірге уақыт өткізуге, фильм көруге ғана емес, бірге ағаш отырғызуға, бір-біріне көмектесуге мүмкіндік беретін біріктіруші фактор болады.

«Біздің қызметіміз отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуға және нығайтуға бағытталған. Сонымен бірге, біз қаланы көгалдандыруға көмектесеміз. Егер Қазақстанның барлық өңірлерінде отбасылық аллеялар гүлденсе, қалалар осылай өзгерсе, біз қуанамыз», - дейді К. Сүлейменова.

Ағаш егу дәстүрі №59 мектеп-лицейде жыл сайын жүргізіледі. Мұғалімдердің айтуынша, қатысушы отбасылар саны да жылдан-жылға артып келеді.

«Біздің ұлымыз Әліби биыл 11-сыныпты бітіреді. Бүгін біз түлектер естелігі ретінде ағаш отырғызуға келдік және Отбасы күні қарсаңында өз бірлігімізді көрсетуді ұйғардық. Осылайша, біз алған біліміміз үшін мектебімізге алғыс білдіргіміз келді. Болашақта мектеп жанында серуендеп, немерелерімізге мектеп аумағын көгалдандыруға үлес қосқанымызды көрсетеміз. Бұл мектепке жақында ғана ауысқандықтан, акцияға алғаш рет қатысып тұрмыз», - деді Әлібидің ата-анасы Айна және Қайырболат Құспековтар.


Соңғы жаңалықтар