Еуроодақ халқын вакциналауда прогресс байқалады – Еурокомиссия

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еурокомиссия Еуродақтағы вакциналацияға қатысты соңғы деректерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

19 сәуірдегі жағдай бойынша ЕО-ға 140,5 млн доза вакцина жеткізілді. 112 млн доза вакцина егілді.

ЕО-ны ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерридің айтуынша, 27 мүше елдің кем дегенде 12-сі биыл шілде айының ортасына дейін ересек азаматтардың 70 пайызын вакциналайтынына сенімді.

«Бұл көрсеткіш күннен күнге өсіп келеді», - деді ол.

ЕО қыркүйекке дейін халықтың кем дегенде 70 пайызын вакциналауды мақсат етіп отыр.

Қазіргі кезде Еуроодақта COVID-19-ға қарсы төрт түрлі вакцинаны егуге рұқсат етілген.


Авторы Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар