+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Астана» қарсыласынан 5:0-мен жеңіліп қалды

2019 жылғы 7 қараша 23:46
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Астана» қарсыласынан 5:0-мен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі төртінші турда елордалық «Астана» өз алаңында Голландияның «АЗ Алкмар» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуро-2020: Қазақстан бірінші кезеңде Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді Еуро-2020: Қазақстан Сан-Мариноны жеңе ала ма Футбол: «Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты

Естеріңізге сала кетелік, L тобында сынға түсіп жатқан екі команда 24 қазанда Голландияда өзара кездесті. Бұл ойында «АЗ Алкмар» клубы «Астананы» 6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Сондықтан бүгінгі кездесуде елордалық клуб қарымта қайтаруға күш салатыны белгілі еді.

«Астана» үш тур бойы бірде-бір ұпай жинаған жоқ. Қарсыластар қақпасына небәрі бір ғана гол соқты. Осыған байланысты жанкүйерлер алдында жақсы ойын өрнегін көрсетуі тиіс еді.

«АЗ Алкмар» алаң иелерінің ығына жығылып кете қойған жоқ. Есесіне қазақстандық клубтың қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Қауіпті сәттер ұйымдастырды. Елордалық клуб қорғаушылар тарапынан өрескел қателіктер орын алып жатты. Осындай сәттердің бірінде

29-минутта 18 жастағы Мирон Боадю «Астана» қақпасынан саңылау тауып кетті. Айта кетерлігі, ол Голландияда өткен алғашқы кездесуде де гол соққан болатын. Ал голландиялық команда қатарынан Фредрик Мидтше 52, Усама Идрисси 57-минутта мергендік танытты. Сондай-ақ, 75-минутта Пантелис Хацедиакос гол соқса, 77-минутта Мирон Боадю тағы да өз мергендігін көрсетті. Осылайша қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді. Сөйтіп аталмыш командадан екі кездесу барысында 11 гол жіберіп алды.

«Астана» биыл Еуропа лигасында төртінші жыл сынға түсіп келеді. Оның ешбірінде мұндай төменгі нәтиже көрсеткен емес. Елордалық соңғы рет өз алаңында 2014 жылы Испанияның «Вильярреал» командасынан 0:3 есебімен ойсырай жеңілген еді. Ендеше, қазақстандық клуб бес гол айырмасымен тұңғыш рет қарсыласына есе жіберіп отыр.

Сондай-ақ, бүгін аталмыщ топта Англияның «Манчестер Юнайтед» және Сербияның «Партизан» командалары кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады.

«Астана» енді екі ойын өткізеді. Елордалық клуб 28 қарашада Анлияның «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдаса, 12 желтоқсанда Сербияда «Партизан» клубымен кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT