+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Астана» соңғы ойында жеңіске жете ала ма

2019 жылғы 12 желтоқсан 05:20
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Астана» соңғы ойында жеңіске жете ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңі мәресіне жетеді. Елордалық «Астана» сырт алаңда Сербияның «Партизан» (Белград) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Қазақстан құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты Футбол: Нигерия құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты Футбол: Иван Антипов пен Эльдар Абдрахманов «Ақжайыққа» қайтып оралды

Естеріңізге сала кетелік, екі команда L тобында сынға түседі. Айта кетелік, екеуі де бір тур бұрын жарысты жалғастыру мүмкіндігінен сырт қалып қойды. Дегенмен бүгінгі кездесуде аталмыш топта екі команданың қайсысы үшінші орын алады деген сауалдың жауабы табылады. Сол себепті ойын тартысты өрбиді деген үміт бар.

«Астана» алғашқы төрт турда бірде-бір ұпайға қол жеткізе алған жоқ. Алдымен Англияның сырт алаңда «Манчестер Юнайтед» командасынан 0:1, өз алаңында «Партизаннан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейінгі кезекте Голландияның «АЗ Алкмар» клубынан сыртта 0:6, елордада 0:5 есебімен есе жіберді. Бесінші турда елордада Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын 2:1 есебімен тізе бүктіріп , топтық кезеңдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Нәтижесінде әзірге еншімізде небәрі үш қана ұпай бар. Ал үшінші орындағы «Партизан» қоржынында бес ұпай жазылған.

«Астана» ойыншылары соңғы кездесуде жанкүйер көңілінен шығуды алдына мақсат етіп отыр. Десе де бірқатар футболшылар жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесуге қатыспайды. Олардың қатарында Марин Томасов, Фирмин Мубеле сынды футболшылар бар. Сондықтан аталмыш кездесуде олардың орнын кімдердің басатыны әзірге белгісіз болып отыр.

«Партизан» командасы – Сербияның белгілі клубтарының бірі. Команда 1945 жылдың 4 қазанында құрылған. Сербия астанасы - Белград қаласының намысын қорғайды. Өз елінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген белгілі клубтардың бірі саналады. Бүгінгі күнге дейін команда барлығы 46 жүлдеге қол жеткізген. Оның ішінде 27 мәрте ел чемпионы атанса, 16 мәрте ұлттық кубокты төбесіне көтерді. Бұдан басқа да жетістіктері аз емес.

Команданың «Партизан» аталу себебі де бар. Аталмыш клуб екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған жылы құрылған. Команда құрамына негізінен серб партизандары тартылды. Сондықтан аталмыш клубқа сол атау таңдалып алынды.

Айта кетерлігі, бүгін «Астана» Еуропа лигасындағы 46 ойынын өткізеді. Бүгінгі күнге дейін елордалық клуб 16 мәрте жеңіске жетіп, 19 ойында қарсыласына есе жіберді. Қалған ойындарда тең нәтиже тіркелді. Қарсыластар қақпасына 63 гол соғып, өз қақпасына 69 гол жеберіп алды.

Бүгінгі ойыннан кейін «Астана» футболшылары қысқы демалысқа кетеді. Команданың бас бапкері Роман Григорчук қызметінде қала ма? Әзірге бұл жөнінде нақты шешім айту қиын. Десе де кейбір ақпарат құралдары елордалық клубтың бас бапкері қызметіне басқа маманның келуі мүмкін екенін жарыса жазып жатқан жайы бар.

L тобынан жарысты жалғастыруға Англияның «Манчестер Юнайтед» және Голландияның «АЗ Алкмаар» командалары мүмкіндік алды. Екі команда бірінші орын кімге бұйыратынын сарапқа салады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT