Еуропа Одағы Орталық Азия үшін маңызды стратегия қабылдады - Ержан Қазыхан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, форум азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізуге негізделген.

«Бүгінгі форум - өте маңызды. Бұл - Орталық Азияда өтіп жатқан үшінші форум. Біріншісі Қырғызстанда, екіншісі Өзбекстанда өтті. Еуропалық Одақ Орталық Азия үшін маңызды стратегияны қабылдады. Бұл стратегиялардың негізгі тармақтарының бірі - азаматтық қоғамды нығайту және азаматтық қоғамның рөлі. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты нығайтуға және кеңейтуге үлкен көңіл бөлініп жатыр»,- деді ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан.

Сонымен қатар, ол үш тақырыптық сессия әлеуметтік интеграция арқылы тұрақтылықты арттыруға, әйелдер мен жастардың әл-ауқатын дамытуға және өңірлік ынтымақтастық-экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу мәселелеріне арналғанын тілге тиек етті.

«Форум коронавирустың жаһандық жағымсыз салдарымен күрес және азаматтық секторды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру аясында ерекше өзекті бола түсті»,- дейді ол.

Айта кетейік, Алматыда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумы өтіп жатыр.

Шараға Орталық Азияның бес мемлекеті мен Еуропалық Одақтың делегациясы қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар