Еуропада коронавирус тағы да өршіді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионға жуықтады, 941,3 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропадағы жағдайдың індет қатты өршіген наурыздағы жағдайдан әлдеқайда ауыр екенін мәлімдеді.

«Тек өткен аптаның өзінде ғана әлемде вирусты жұқтырудың 300 жаңа жағдайы тіркелді»,-деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропа бойынша өңірлік директоры Ханс Клюге. Наурыз айының соңында Еуропада вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары 26 475-ке жетті.

«Жағдай өте мүшкіл»,-деді Клюге.

Еуропаның көптеген елінде қазір соңғы бірнеше айдағы ең жоғарғы көрсеткіштер тіркелуде.

Клюгенің сөзінше, вирустың әлем елдері арасында тарау көрсеткіші де өсіп келеді.

«Шілдеде ауру жұқтыру көрсеткіші төмен болатын. Ал қыркүйектегі көрсеткіштер бізге ескерту іспеттес болуы керек еді»,-деді ол.

Індеттің тарау көрсеткіші өсіп отырған елдердің бірі Нидерланды. Бұл ел жақында Британияның «қызыл тізіміне» енді. Қазір Нидерландыдан келетіндер 14 күнге оқшауландырылуы тиіс.

Ал Испанияда студенттер көшеге шығып, жоғары оқу орындары мен мектептердегі қауіпсіздікті нығайтуды талап етті. Нақтырақ айтқанда олар тазалық стандарттарын жетілдіріп, ұстаздардың жеке қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз етілуін талап етіп отыр. Соңғы тәуліктерде бұл елде коронавирустан 239 адам қайтыс болды. Бұл маусым айынан кейінгі ең үлкен көрсеткіш. Ауру жүқтыру жағдайлары әсіресе Мадридте көбейді.

Францияда кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас көтермек. Олар экономикамен байланысты мәселелерді шешу үшін үкімет тарапынан қолға алынып отырған шаралар жеткіліксіз деп есептейді. Биліктің болжамынша, 2020 жылы 800 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Францияда соңғы тәуліктерде COVID-19 жұқтырудың 10 мың жаңа жағдайы тіркелген.

Германияда соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны биылғы жылдың сәуір айынан бергі уақыттағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Англияның солтүстік-шығысындағы бірқатар қалада карантиннің қосымша шаралары енгізілуде. Аталған өңір тұрғындары «әлеуметтік шеңбер» деп аталатын аумаққа жатпайтын адамдармен қарыс-қатынас жасай алмайды немесе тұрғындардың өздерімен бір үйде тұрып жатқан адамдармен байланысына тыйым салынған.

Сонымен қатар дәмханалар мен мейрамханаларда шектеу шаралары енгізілген. Яғни аталған орындарда тамаққа тапсырысты тек сол жерде отырған кезде ғана бере аласыз. Ойын-сауық орындары жұмысын тек түнгі 22:00-ге дейін ғана жалғастыра алады.


Соңғы жаңалықтар