+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Еуропаның кейбір мемлекеттері коронавирусқа қарсы вакцинаны егу мерзімін  ұзартып жатыр

2021 жылғы 4 мамыр 14:20
Бөлісіңіз:
Еуропаның кейбір мемлекеттері коронавирусқа қарсы вакцинаны егу мерзімін  ұзартып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропаның кей елдерінің билігі COVID-19-ға қарсы вакциналардың 1-ші және 2-ші компонентін енгізу мерзімін ұзартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8% төмендеді Алматылық университет Үндістаннан студенттерді «жасырын» әкелмек болған

Италияда алғашқы вакциналау мен ревакциналау арасындағы үзілісті арттыру туралы норма бекітілді. Енді дозалар арасындағы мерзім 21 және 28 емес, 42 күнді құрайды. Бұл Pfizer және Moderna вакциналарына қатысты белгіленген.

Ел билігінің айтуынша, компоненттерді енгізу арасындағы уақытты екі есе ұзарту бірінші кезеңде екпемен біраз адамды қамтуға мүмкіндік береді. Апеннин түбегінде вакцинаны жеткізу бойынша мәселелер әлі де бар.

Италияда ағымдағы жылдың қаңтарында бірінші кезекте дәрігерлер, қарттар мен қарттар үйінің қызметкерлері вакцина қабылдай бастады. Жаппай екпе салу тегін және ерікті түрде жүргізілуде, десе де ел билігі отандастарына вакцинация жасауға кеңес береді. Себебі егу науқаны жоспарлағаннан баяу жүруде. Негізгі себептердің бірі — вакциналарды жеткізудегі іркілістер.

2021 жылдың соңына дейін Италия халқының 90% - ын егу жоспарланған. Сәуір айының ортасындағы мәліметтерге сәйкес, Италияда «коронавирус пневмониясы» диагнозы расталған 110 мыңнан астам адам көз жұмды.

Ел ғалымдары мен саясаткерлерінің бастамасымен ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алу мәселесі талқылануда, сондай-ақ оны Италияда өндіру көзделуде.

Испания елі де AstraZeneca вакцинасының дозалары арасындағы аралықты едәуір арттырды. 60 жасқа дейінгі адамдар үшін төрт және 12 аптадан 16 аптаға дейін ұзартты деп хабарлайды Reuters.

Испания Еуроодақ мемлекеттері арасында 2 компонентті енгізу арасындағы уақытты 12 аптадан аса уақытқа созған бірінші ел.

Денсаулық сақтау министрлігі рұқсаттың әрекет ету мерзімін ұзарту вакцинаны қолданудың ең қауіпсіз әдісін анықтауға мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді. Бастапқыда AstraZeneca препараты 18-65 жас аралығындағы жұмысшыларға салынды, жас адамдарда қан ұйып қалу қаупінің туындауына байланысты вакцина тек 60 жастан асқан адамдарға салуға рұқсат етілді. Биліктің мұндай қадамы бірінші дозаны алған кей жастардың екінші дозаны алу мүмкіндігін жоғалтуына әкелді.

Дозалар арасындағы аралықты ұлғайту билікке аталған топтардағы адамдар үшін AstraZeneca немесе өзге вакцинаның екінші компонентін қабылдау не қабылдамау туралы шешім шығармас бұрын әртүрлі вакциналарды араластыру сынақтарын бағалауға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT