«Евровидение-2022» байқауында көрермен санының жаңа рекорды тіркелді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Италияның Турин қаласындағы «Palaolimpico» аренасында «Евровидение-2022» халықаралық ән байқауының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Италияның RAI телеарнасына сілтеме жасап.

Кеше ән байқауының бірінші жартылай финалын RAI арнасынан 5 507 000 көрермен тамашалаған. Аталған көрсеткіш итальяндық телекөрермендердің жалпы аудиториясының 27%-ын құрайды. Бұл – итальяндық қоғамдық телеарнадағы «Евровидение» хабарларында бұрын-соңды болмаған нәтиже.

Финалға «Stefania» әнімен украиналық «Kalush Band» тобы шықты. Үздік ондыққа Франция, Германия, Испания, Ұлыбритания және Италияның шығармашылық ұжымдары мен әртістері енді. Бірінші жартылай финалда көрермендер барлығы 16 композияцияны тыңдады.

Бұл туралы телеарнаның бас директоры Карло Фуортес: «RAI үшін Италиядағы «Евровидение» ән байқауын өткізу үлкен мәртебе. Бұл – жастарға бағытталған еуропалық үлкен шара. Біздің телеарна үшін, ел үшін «Евровидение-2022» байқауы ерекше маңызға ие», – деді.


Соңғы жаңалықтар