+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Файзулла Сахиев: Гиппократ антына адал болып, алғысқа бөлену – бақыттың биігі

2020 жылғы 1 тамыз 15:50
Бөлісіңіз:
Файзулла Сахиев: Гиппократ антына адал болып, алғысқа бөлену – бақыттың биігі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Файзулла Сахиев науқастардың тезірек сауығуына барынша қалтқысыз қызмет атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында пневмонияммен сырқаттанып қалдым. Ыстығым көтеріліп, тәбетім болмады. Осылайша аудандағы қосымша ашылған №3 провизорлық стационарға түстім. Дәрігерлер жедел түрде қарап, диагноз қойды. Қажетті емдеу шараларының нәтижесінде 13 күн ем алдым. Сол уақыт аралығында сырқатымнан сауығып отбасыма қуанышпен оралдым», - деді Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Файзулла Сахиев.

Оның айтуынша, аудан көлемінде орталық ауруханаға қосымша үш бірдей провизорлық орталықтар құрылған. Сол арқылы дәрігерлер аурудың алдын алып, сырқаттанған жандарға жедел медициналық көмек көрсетіп келеді. Бұл науқас жандарың қажетті ем-дом алуына оң әсерін тигізеді.

«Осы орайда №3 провизорлық стационардың ақ халатты абзал жандарына айтар алғысым шексіз. Күн-түн деместен олар сырқат жандардың жанынан табылды. Жылы сөзі, жайдары жүзімен емд алғандардың көңіліне шықты. Осылайша жүрегі кең жандардың ісі мен еңбегіне риза болдым. Әсіресе, дәрігерлер Жұмаш Мерей, Балтабай Махатов, аға мейірбике Тұрғаш Даниева, мейірбикелер Жанар Омарова, Сымбат Нұртасбек, Қаламқас Қанайбекова, Тілектес Салыбекова осындай қажырлы еңбегімен көзге түсті. Ал Мәди Исаев, Айдос Сәулебеков, Нұрдаулет Әбдіқалық сынды мамандар тынымсыз қимыл жасап, жеңіл қолды шипасын көрсетті. Орталықтың санитарлық жағдайын қадағалап, мүлтіксіз орындап отыратын Гүлнар Омарова мен Нұрсұлу Абдлуллаеваның да еңбегіне емделушілер дәл риза.

Иә, Гиппократ антына адал болу, халыққа мінсіз қызмет жасап, көптің ойынан табылып, ақ халаттының абыройына дақ түсірмей алғысқа бөлену – бақыттың биігі. Ендеше мерейлерің үстем болып, алғысқа бөлене беріңіздер дейміз», - деді Ф.Сахиев.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында пневмонияның ауыр түріне шалдыққан науқастар саны азайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT