+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Фермерлерге арналған «AgroData» мобильдік қосымшасының тиімділігі қандай

2021 жылғы 3 мамыр 21:16
Бөлісіңіз:
Фермерлерге арналған «AgroData» мобильдік қосымшасының тиімділігі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фермерлерге арналған «AgroData» мобильдік қосымшасының тиімділігі қандай? Бұл туралы Қазгидромет» РММ Агрометеорологиялық мониторинг және болжау департаментінің директоры Нонна Лоенко айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда ауыл шаруашылығы саласында қандай проблемалар шешімін таппай отыр Моңғолиядан көшіп келген қандасымыз төрт түлікті төлдетіп, миллионер атанып отыр Қазақстанда телеөлшеу онлайн-сервисі іске қосылды

Нонна Лоенконың мәліметінше, көктемгі егу жұмыстарының алдында бірқатар өңірде өнімдік ылғал қоры жеткілікті болады деп күтілуде.

Атап айтқанда:

Ақмола облысының Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Зеренді, Целиноград аудандарында,

Қостанай облысының Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Қостанай аудандарында,

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы мен Жұмабаев, Тимирязев, Жамбыл аудандарының кей жерлерінде,

Қарағанды облысының Бұқар жырау, Нұра аудандарының кейбір тұстарында,

Шығыс Қазақстан облысының Глубокий және Алтай аудандарында топырақтың ылғалдығы қанағаттанарлық деңгейде.

Маманның сөзінше, осы және өзге де мәліметтер биыл қазанда кәсіпорын дайындап, іске қосқан «AgroData» веб-қосымшасына орналастырылған.

«Экология министрінің тапсырмасымен біз фермерлерге арналған веб-қосымшаны әзірледік, қазір оның мобильдік нұсқасын жасап жатырмыз. Дегенмен қазірдің өзінде браузер арқылы ұялы телефонмен қосымшадағы ақпаратты алуға болады. Бұл жерде Қазгдирометтің тек ауа райын болжаумен айналыспайтынын атап өтуіміз керек. Мұнда халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өнімдердің толық спектрі дайындалады»,- деп атап өтті Нонна Лоенко.

Департамент директоры «AgroData» жүйесіндегі ақпараттың көбі бұрын да болғанын, бірақ олардың әртүрлі платформаларда орналасқанын айтады. Ал жаңа қосымша фермерлерге қажетті барлық ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік туғызып отыр.

«Бұл мәліметтерге қолжетімділікті жеңілдетіп, оны тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. Қосымшаны неғұрлым түсінікті, қолдануға жеңіл етіп жасауға тырыстық. Қазгидромет әзірлей алатын фермерге қажетті ақпаратты белгілі бір шаруашылыққа бейімделген есепке жүгінбей-ақ мобильдік қосымшадан көруге болады. Бұған 3 сағат сайын жаңарып отыратын ауа райы, синоптикалық және агрометеорологиялық болжамдар мен нақты деректер кіреді»,- дейді Нонна Лоенко.

Аталғандардан бөлек, суару маусымында мемлекеттік бақылау желілерінің пунктері бойынша белсенді және тиімді температуралардың өлшемі мен топырақ ылғалдылығының қоры, ал күн суық кезде қардың биіктігі, тоңның тереңдігі бойынша ақпарат беріледі.

«AgroData» қосымшасында сонымен қатар бұрын болмаған әр он күндікке арналған нақты мәліметтер де бар. Осылайша, алынған ақпарат бойынша агротехнологияларды уақытылы және тиімді қолдану егін науқанын дұрыс жоспарлауға, өсімдіктердің өліп қалуының алдын алуға мүмкіндік береді.

«Ылғал қоры туралы мәлімет көктемгі егін науқанында тиімді егіс нормасын анықтауда, ұрықты тастайтын тереңдікті таңдауда, тыңайтқыш қолдануда үлкен рөл атқарады. Мұның барлығы өнімнің көлеміне әсерін тигізеді»,- деп түйді сөзін спикер.

Еске салайық, фермерлерге арналған мобильдік қосымша өткен жылдың күзінде іске қосылған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT